Қарағанды облысында сотталған бір топ азамат өз-өзіне қол жұмсады

Төтенше оқиға Долинка ауылындағы қатал тәртіпті колонияда болған.

Әділет министрлігіндегі ақпарат көзінің хабарлауынша, 10 адам өздерін жеңіл жарақаттаған. Ал сотталғандардың туыс-туғандарының айтуынша, жараланғандар - 20 адам. Абақтыдағы ахуалға наразылық ретінде олар іштерін жарып жіберген-мыс.
Ал әділет министрлігіндегілердің айтуынша, адамдардың өз-өзіне қол жұмсау себептері анықталу үстінде. Әзірге оқиғаның мән-жайын тап басып айту ерте, дейді ондағылар.