Қарағанды облысында су тасқыны кезінде 5 адам жоғалып кетті


«Бес адам жоғалып кетті. Қазір олар іздестірілуде», - деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Бұрын хабарланғандай, дүйсенбіге қараған түні Көкпекті су қоймасының плотинасын су шайып, 810 үйдің жүзден астамы су астында қалды. Бес адам қайтыс болып, суық өтіп кеткен алты адам ауруханаға жеткізілді.