Қарағанды облысында суға кеткен ағайынды екі азаматтың денелері табылды


"Мәйіт бүгін сағат 10:15-те оқиға болған жерден 1 километр 600 метр қашықтықта табылды. Оны кеше Қопа өзеніндегі мұзды жару жұмыстарын жүргізген сүңгуірлер тапты", - дейді облыстық ТЖД-нің өкілдері.

Айта кетейік, 44 және 36 жастағы ағайынды екі азамат осыдан бірнеше күн бұрын арнасынан асқан Қопа өзеніне ағып кеткен болатын. Олардың бірі мал іздеуге шығып суға кетсе, екіншісі оны құтқарамын деп ажал құшты.