Қарағанды облысында табылған оқ-дәрі мен қару-жараққа сараптама жасалды

ТЖМ мәліметінше, 15 шілдеде Зардаптарды жоюдың құрама отрядының миналарды жою тобы табылған қару-жарақты сұрыптау барысында 417 дана артиллериялық снарядтың корпусы тексерілді. Соның ішінде 152 миллиметрлік жарықшақты-фугасты снаряд - 279 дана , 125 миллиметрлік жарықшақты-фугасты снаряд - 25 дана, 122 миллиметрлік жарықшақты-фугасты снаряд - 90 дана , 120 миллиметрлік жарықшақты-фугасты снаряд - 23 дана (жалпы салмағы 12615,5 килограмм), соның ішінде жарылыс қаупі бары - 13 дана, 152 миллиметрліктен - 7 дана, 122 миллиметрліктен 6 дана (жалпы салмағы - 388 килограмм) болды. Олар "Тоқырау" әскери бөлімінің аумағына шығарылды.