Қарағанды облысында тағы бір оқушы қыз асылып қайтыс болды

Полиция оқиғаның себебі жайлы ақпарат таратқан жоқ, деп жазады sputniknews.kz Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияровқа сілтеме жасап.

"Аталған факті негізінде ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады Құдияров.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, тергеу жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, оқушы қыз өз үйінде асылып қайтыс болған.

Еске салайық, осы аптаның басында Қарағанды қаласында да 13 жасар оқушы қыз өз үйінде асылып қалған еді. Оның өліміне жоғары сыныпта оқитын досы кінәлі дейді туыстары. Жеткіншек телефон арқылы кішкентай қызды мойнына жіп салып суретке түсуге үйреткен екен.