Қарағанды облысында тәртіп сақшылары Жамбыл облысының тұрғынынан 500 килограмм марихуана мен 3 килограмм гашиш тәркіледі

Полицияның ақпаратына сәйкес, Алматы-Екатеринбург тас жолының бойында Курминка ауылынан 1 шақырым жерде тәртіп сақшылары көкөніс тиелген “ГАЗ-53” автокөлігін ұстады. Иісшіл иттің көмегімен марихуана салынған 18 полимер дорба мен скотчпен оралған, ішінде гашишы бар бума табылды.

Автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы ұсталды. Екеуі де Жамбыл облысының тұрғындары. Күдіктілер уақытша тергеу қапасына қамалды. Бұл дерек бойынша тергеу жүргізілуде.