Қарағанды облысында тасқын үйлерді қиратып жатыр

Астан-кестені шыққан Мұстафин ауылында жүзге тарта үй судың астында тұр. Оның ішінде қабырғалыры опырылып немесе толықтай қирағандары бар. Бұқар жырау ауданының Нұра станциясында да осыған ұқсас жағдай. 4 мыңнан аса тұрғынның біразы ағайын туыстарынын сағалап кетсе, барар жері жоқтар мектеп, аурухана, жатақханалардан уақытша пана тауып отыр. Ауыл маңын торып жүрген жұрт үйлерінен кәдеге жарайтын дүниелері мен шатырлардағы ұсақ малдарын тасып әлек. Енді ауылда қалған қызыл суды сорып тастамаса, әзірге сыр бермеген баспаналар да опырылуы мүмкін. Бірақ биліктің ресми ақпараттарында үйлердің қирауы жайлы ештеңе айтылып жатқан жоқ.

Юлия Малышева, Мұстафин ауылының тұрғыны
:

-Үйде ештеңе қалмады. Қабырғалары сөгіліп, опырылған. Оның шатыры тек іштегі дүние мүлікке асылып қана тұр. Жақындауға қорқамыз.  

Loading...