Қарағанды облысында тасқыннан келген шығынды есептеу қиынға соғуда

Тасқын кезінде ауылдардан 13 мың 300 адам құрғақ жерлерге шығарылыпты. Қызыл су кете бастағанда көбі үйлеріне қайтқанымен, мыңнан аса тұрғын әлі де уақытша баспаналарда күнелтуде. Өйткені ауылдардағы 200 үй белшеден келетін суда тұр. Жалпы тасқыннан Қарағанды облысының өзінде 48 ауыл зардап шеккен. 2 мыңнан аса үйге су кіріп 80 үй құлапты. Ірілі-ұсақты 600-ге тарта мал басы қырылған. Қазір Қарқаралы ауданында арам қатқан төрт түліктің орнына мал үлестіріле бастады.

Loading...