Қарағанды облысында тасқыннан қираған үйлерді тұрғызу үшін 5,5 миллиард бөлінді

Тасқынынан зардап шеккен 1700 ге тарта отбасына 800 миллион теңгеге жуық өтемақы төленген. Ал апатты деп танылғандарының орынына жаңа баспана салуға бюджеттен 5 жарым миллард теңге жұмсалатын болды. Құлаған үйлердің көбі Мустафин ауылы мен Нұра станциясында екен. Суға батып өлген 1700-ден астам ірілі-ұсақты малдың орнына қазіргі таңда 600-ге тарта мал үлестірілген. Қалған жұрт кезектерін күтіп жүр. Ал су шайған жолдар мен құлаған 13 көпірді жөндеуге 4 миллиард теңге жұмсау қарастырылып отыр. 

Loading...