Оқыс оқиға сенбі күні "Қарағанды" орталық кен байыту фабрикасының темір жол өткелінде болған. Шойын жолдан өтіп бара жатқан "ГАЗель" көлігінің үстіне автоматты шлагбаум құлап кеткен.
Департамент ақпаратына сәйкес, 21 жастағы жүргізуші экспедитор оқыс оқиға орнында қаза тапқан.
Қазір осы дерек бойынша тергеу жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті