Оқыс оқиға Қарқаралы қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан "Қотыр" қыстағында болған.
Қараусыз тұрған Т-16 дөңгелекті тракторы ылдиға қарай жүріп кетіп, қыстақ маңында ашық алаңқайда ойнап отырған төрт жасар баланы басып өткен. Бала жарақаттан оқиға орнында қаза тапқан.