Қарағанды облысында тұрғын үйдегі өрт салдарынан бір адам қаза тапты

Мекеме мәліметтерінше, өрт Қаражал қаласында екі қабатты, сегіз пәтерлі үйде 23-қаңтарда 14 сағат 21 минутта шыққан. 30 шаршы метр аумақты шарпыған өрттті сөндірген кезде 66 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Өртті ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 7 адамы мен 2 техникасы сөндірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті