"Тергеу Магамадовтың қызметтік өкілеттігін асыра пайдалана отырып, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемін азайтқанын, сондай-ақ, жұмысты орындау туралы нұсқамалардың мерзімін ұзарту үшін заңсыз түрде сыйақы алып жүргенін анықтады. Биыл 4 сәуірде кәсіпкерден 200 мың теңге пара алып жатқан Магамадов қылмыс үстінде қолға түсіп, Қарағандының ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ведомстводағылар. Cотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.