Қарағанды облысында үй құстарының H5N1 құс тұмауы түрінен қырылғаны расталмады

"Зерттеулер қорытындысы бойынша құс тұмауының H5N1 түріне жататын вирусы табылған жоқ",- делінген баспасөз мәслихаты барысында таратылған баспасөз баянында.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осы ауылдағы жеке қоралардың бірінде үй құстары қырыла бастаған. Өліп қалған екі тауық алғаш рет 22-сәуірде табылды. Сенбі күні үйдің қожайыны тағы да 6 тауықтың қырылып қаланын біледі. Барлығы 4 тәулікте 23 тауық пен 1 үйрек қырылған.

Қырылып қалған құстардың қанынан экспресс әдіспен алынған сынамалардан құс тұмауының антителолары табылды. Осыдан кейін сынамалар диагнозды растау үшін "Республикалық мал дәрігерлік зертхана" РМК мен "Мал дәрігерлік зертханалық диагностика мен референцияларға мониторинг жүргізу жөніндегі ұлттық орталығы" мемлекеттік бсқармасына жолданды".

Бүгін 14 сағатта Мал дәрігерлік зертханалық диагностика мен референцияларға мониторинг жүргізу жөніндегі ұлттық орталығы" мемлекеттік бсқармасынан жауап келді. Онда диагноздың расталмағаны айтылған.

Красная Нива ауылында жалпы алғанда 105 қора-жай бар, олардың 54-інде 800 басты үй құстарын ұстайды.

--------------------------------------------------------------------------------