Қарағанды облысында үйлері суға кеткен жұрт облыс әкімінен көмек сұрады

-Мұзды тессе былай кетеді. Ана жақтағы үйлер суға батпаушы еді онда. Мұндай техниканың барлығы сол күні келіп мұзды тессе мұндай жағдайға ұшырамаушы едік.

Ал мынау – Қарақаралы ауданының қазіргі жағдайы. Бүгін мұнда облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков келді. Ондағы 7 күн бойы суда жатқан Тоқтар ауылына өңір басшысының алдында техника мен жұмыс күші де шұғыл жетіп, аяқ астынан қызу жұмыстар басталып кеткен. Кеше жеткен техника бір аптадан бері ауылға су кіріп жатқан жерге шұғыл түрде бөгет те жасап қойыпты. Жұрт сол бөгеттің апаттан бұрын жасалуын талап еткенде тыңдар құлақ болмағанын айтады. Облыс әкімі апат шығындары есептелетінін жеткізді. Елдің айтқанынан гөрі жергілікті басшылардың есебіне сенген Нұрмұхамбет Әбдібеков «қажетті шаралардың барлығын жасағандарға» оң баға берді.

Loading...