Нұрлан Жабаев дасқарханын жайып тастап алыстан келген меймандар емес, осы баспананы тұрғызған жігіттерге ақ тілегін айтып тұр. Себебі, олар күн мен түн жауын-шашынға қарамастан үйді 28 күнде салып тастады. Қадасы тереңнен қағылып, қабырғасы сапалы материалдан өрілген баспананың бөлмелері кең әрі жарық.
Нұрлан Жабаев, Мұстафин ауылының тұрғыны:
-Бір-біріне көмектессе, үйді тез салады. Мен вагон қойып тұрдым. Өзіңіз көрдіңіз фундаменттен бастап әр кірпішін көрдім. Міне, немерелерім көрдіңіздер жүгіріп жүр.
Гүлжахан Қасенова көршілерінің жаңа үйіне қызыға қарайды. Толқып та, қуанып та жүр. Себебі, өз үйінің де іргетасы кешелі бері құйылып жатыр. Ораза айында су жаңа баспананың табалдырығын аттасам деген тілегі бар.
Гүлжахан Қасенова, Мұстафин ауылының тұрғыны:
-Осы үйде 40 жылдан асып кетті тұрғанмына. Ішің ауырады әрине, іші толған жан болған. Қора толған мал болған. Жаңа мына үйге кірдім енді жақсы, ұнады. Үш бөлмелі деп едім, оған екі бөлмелі болады дейді. Үлкен болады дейді. Енді оған да тәуба.
Бір ғана Мұстафин ауылында апатты деп танылған 206 үйдің 45-інің құжаттары жоқ екен. Олар бюджет қаржысына емес, қорға жиналған ақшаға салынатын болады. Сондықтан құжатсыз баспананың құрылысы есеп-қисап толық жүріп, демеушілік көмек дер кезінде жетсе ғана жүреді.
Салынып біткен 2 үйден бөлек қадасы қағылған мынадай 30 үй өз кезегін күтіп тұр. Жалпы, әзірге құрлыс компаниялары бұл жұмыстарды өз қаражаттарына жүргізіп жатыр. Шамалы шыдаса, республикалық бюджеттен бөлінетін 1 миллиард теңге шілде айында үлестірілетін болады. Ал, жалпы, Қарағанды облысындағы су қиратқан үйлерді тұрғызу үшін 7 миллиард теңге жұмсалады деп жоспарланып отыр.
Loading...