Қарағанды облысында үйлерін тасқын талқандаған тұрғындар құрылыстың созылып кеткеніне ашулы

Светлана Кормешкованың баспанасының құрылысы мына бос жатқан едендер болмаса ендігі аяқталып қалар еді. Бірақ құрылысшылар еденді цементтеп тастағалы жатқанда үй иесі қарсылық танытып, тыйым салған.  Өйткені, шенеуніктердің көзінше тапсырылған алғашқы екі үйдің еденінде бар материал мұнда жоқ болып шыққан.

Светлана Кормешкова, Ғ. Мұстафин ауылының тұрғыны:

-Алғашқы тапсырылған екі үйдің едендеріне екі еселенген жылытқыш материал төселген. Ал бізге неге төсемейсіңдер десем, жобадан алынып тасталды дейді. Қазір бүкіл құрлыс жобаларын ауыстырып жіберген.

Аудан басшылығы болса, құрылыс компанияларымен ақылдаса отырып жұртқа жақпаған тұстарын қайта қараймыз дейді. Айтуларынша, алғашқы екі үй өзгелерінен артық та, кем де болмауы керек екен.

Руслан Нұрмұхамбетов, Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары:

-Бізде екі жобалаушы компания  бар. «рқайсысы әрқалай істейді. Барлық жобалар мемлекетт3к экспертизадан өтеді. Онсыз ақша бөлінбейді ешқашан. Енді олар істеп жатыр қазір. Жеке жеке сұрақтарды шешеміз заң бойынша.

136 Жалпы, Бұқар жырау ауданы бойынша 150- ге тарта үйдің іргетасы құйылған. Оның шінде Нұра станциясы мен Мұстафин ауылында құрылысы тізеден жоғары көтерілген нысандардың саны 40-қа жуықтайды екен. Ал құрылыс басталған екі айдың ішінде осы ауылдарда 8 баспана ғана толықтай салынып біткен.


Өйткені жұмысты өз қаражаттарына жүргізіп жатқан құрылыс компаниялары бюджеттен әлі күнге соқыр тиын көрмеген. Облыс басшылығы мемлекеттің миллардтары келеді деп алақан ысқылап жүргендеріне де айға жуықтады. Сондықтан, жүріп жатқан құрылыс қарқынының ұсқыны осы. Екі айда, бар-жоғы 10 шақты үйдің төбесі жабылды. Дегенмен, атқамінерлер алдағы екі айда қалған 400-ден аса үй бітеді дегеннен танбай отыр.  

Loading...