Қарағанды облысында ұнтақтап-сорттау фабрикасында өрт шығу салдарынан бір адам мерт болды



Өрт 200 шаршы метр аумақты шарпып, №2 галереяның ағаш қаптамасы, конвейер таспасы мен жүк түсіру жүйесінің ағаштан жасалған конструкциялары жалынға оранды. Өртті сөндірген кезде 53 жастағы электромеханиктің өлі денесі табылды.
Өрт 2 сағаттан кейін сөндірілді. Бұл шараға 59 адам мен 5 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті