Қарағанды облысында үш күн бұрын із-түзсіз жоғалған екі адам өлі табылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz - ке сілтеме жасап хабарлайды. 

18 маусымда сағат 21:50-де Абай ауданы Самарқа ауылының маңында 1986 жылы туған әйел адам мен 1987 жылы туған ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Қарағанды облысының ТЖД күштері жұмылдырылды.

19 маусымда сағат 15:25-те із-түзсіз жоғалған әйелдің денесі Нұра өзенінен табылды. Жоғалған екінші адамның денесі 20 маусымда сағат 16:05-те іздеу жұмыстары басталған жерден 3,5 шақырым жерде Нұра өзенінен табылды. Өлімнің мән-жайы анықталып жатыр.

ТЖД өкілдері шомылу кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін атап өтті:

  • жүзу білмесеңіз, белден жоғары суға түспеңіз;

  • балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • мас күйде суға түспеңіз;
  • бейтаныс жерлерде суға түспеңіз;
  • жағадан алыс жүзбеңіз;
  • түнде суға түспеңіз.