Қарағанды облысында ұшақ құлап, 2 адам қаза тапты

Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

"30 қыркүйек күні Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуын жасап жүрген P2002 үлгісіндегі UPLA286 ұшағы, ұшып шыққан уақыты 07.46-дан кейін байланысқа шықпады. Іздестіру жұмыстары барысында қираған әуе кемесі және қаза болған екі адам табылды. Көлік министрлігінің оқиғаларды тергеу департаменті аталған факті бойынша тергеуді бастады, - делінген Азаматтық авиация комитетінің мәліметінде.

Комитеттен нақтылағандай, әуе кемесі жергілікті уақытпен сағат 08.44-те Қарағанды облысының Доскей ауылынан 5 км жерде құлаған.