Caravan Logo

Қарағанды облысында вагондардың шойын жолдан шығып кетуіне байланысты отарбалар қозғалысы тоқтатылды

Қарағанды облысында вагондардың шойын жолдан шығып кетуіне байланысты отарбалар қозғалысы тоқтатылды

8-шілде күні түнгі сағат 2-де Қарағанды-Сортировочкая - Қарағайлы бағытындағы жүк тасымалына арналған темір жолдың 22-шақырымында Көкпекті-Ащысу өткелегінде барлығы 61 вагоннан тұратын №3421 поездың 9 жарты вагоны шойын жолдан шығып кетті.

Агенттік ақпаратына сәйкес, Қарағанды-Сортировочная станциясынан апаттық шараларға қалпына келтіруші поезд шақырылды. Оқиға зардаптарын жою жұмыстары 8-шілде күнгі 14 сағатқа дейін жалғасады деп күтілуде.