Қарағанды облысында жаңа оқу жылында 19650 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады

Облыс бойынша 845 мемлекеттік, 18 жеке меншік мектеп жаңа оқу жылын қарсы алды. Осы уақытқа дейін 67 мектеп күрделі жөндеуден өтсе, қалған мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жөндеу жұмыстарына облыстық және жергілікті бюджеттерден 294 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ, облыстағы мектептерді оқулықпен қамтамасыз етуге 214 млн. 742 мың теңге бөлінді. Бұл орта есеппен бір оқушыға 894 теңгеден келеді. Жалпы білім беру қорынан кедей отбасылардан 26522 оқушы жәрдемге ие болды. Бұл қордан тек мектепке арналған киім-кешек, аяқ киім мен оқу құралдарын сатып алуға 51 млн. теңгеден астам қаржы арналды.