Бұл туралы әкімінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Т.Дүйсенбаев 1953 жылы туған. 1976 жылы Қарағанды политехникалық институтын тәмамдаған, біліктілігі бойынша инженер-құрылысшы. 20 жылдан астам «Карағандыөнеркәсіпқұрылыс» және «Қазметаллургқұрылыс» трестерінде басшылық қызметтерде болған.
1997 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Әкім аппаратында бөлім меңгерушісі, құрылыс, сәулет және абаттандыру басқармасы басшысы, ТКШ бөлімі басшысының орынбасары, сондай-ақ қалалық құрылыс бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.
Жаңа қызметке тағайындалмас бұрын, 2012 жылдан бастап Қарағанды облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болды.