Балқаштан Қарағандыға келе жатқан автобус жолдың қарсы бағытына шығып кеткен екен. Соққының қатты болғаны соншалық темір терсектің арасынан денелерді аршып алу құтқарушыларға қиынға түсті. Қаза тапқандардың арасында 3 жасар бүлдіршін бар. Автобус жүргізушісі де жан тәсілім еткен. Апаттан сондай-ақ жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы мерт болды.
Loading...