Қарағанды облысында жасөспірім мерт болды

"Бұқар Жырау ауданындағы Нұра теміржол станциясында жексенбі күні 21.06 14 жасар шамасындағы жасөспірім Астана-Алматы бағытындағы жолаушылар поездінің астына түсіп, оқиға орнында мерт болды",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараттарына сүйенсек, теміржол көлігінің қозғалысы 13 минутқа тоқтатылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті