ТЖМ мәліметтері бойынша, Балхаш қаласында (Қарағанды облысы) "Қазақмыс" корпорациясының "Балхаштүстіметал" фабрикасында жазатайым оқиға орын алды. Баспасөз қызметі хабарлағанындай, "жөндетілген №5 диірмен қозғалтқышын тексеру кезінде, электр қызметінің мастері қосалқы станциясын қосу кезінде жарақат алды. Соның салдарынан ол оқиға орнында қаза болды".