Қарағанды өңірі үшін таңсық жағдай сәуірдің бесіне қараған түні сағат 12-ден асқанда тіркелген. Бұл облыс орталығынан шамамен 270 шақырым жерде. Төтенше жағдай қызметінің мәлімдеуінше өңірдегі тіршілікке қауіп төнердей ештеңе болмаған. Ал Қарағандыда соңғы рет өткен жылдың 23 маусымында қуаты 5 баллға жуықтайтын жер сілкінісі болған еді. Ол кезде мамандар 40 шақырым тереңдіктегі дүмпу болғанын айтқан. Жазық далада зілзаланың жиілеуін тұрғындар өндіріс орындарының көбеюімен байланыстырады.
Loading...