Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысының Шет ауданында Алматы - Екатеринбург тас жолының 810-шы шақырымында 23 қарашада сағат 18.30-да "Фольксваген" көлігінің 37 жастағы жүргізушісі "Рено" жүк көлігімен соқтығысты.
Апат салдарынан "Фольксваген" көлігінде отырған 73 жастағы әйел оқиға орнында қаза тауып, тағы төрт жолаушы, соның ішінде 7 және 9 жастағы екі бала ауруханаға жатқызылды.