Қарағанды облысында жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды

Министрлік мәліметінше, Қарағанды облысында 2 наурыз күні 6 сағат 50 минутта әуежайға баратын жолда "Опель" автокөлігінің жүргізушісі "Аудимен" соқтығысты.

"Апат салдарынан екі адам оқиға орнында жан тапсырып, үшеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлайды ТЖМ.