Апат Алматы-Екатеринбург тас жолының 942-шақырымында жексенбі күні 13 сағатта болды. "Мазда" автокөлігінің жүргізушісі "Фольксваген" автокөлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан "Фольксваген" жүргізушісі мен оның жолаушысы, сондай-ақ, "Мазданың" екі жолаушысы, соның ішінде 1 жасқа жетпеген сәби оқиға орнында қаза тапты. Тағы бес кісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.