Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, апат 7-тамызда Алматы-Екатеринбург тас жолының 971-шақырымында болған. "ВАЗ-2106" және "Фольксваген" автокөліктері соқтығысты. Соның салдарынан бес ер адам, екі әйел мен 13 жас шамасындағы бір бала оқиға орнында мерт болып, "ВАЗ-2106" жүргізушісі ауруханаға түсті.
Зардап шеккен адам мен қаза тапқандардың аты-жөні анықталу үстінде.