«9 шілдеде сағат 11,15-те Алматы-Қарағанды күре жолында Гүлшат кентінен 20 шақырым жерде Алматыдан Астанаға бағыт алып келе жатқан «Лексус» автомобилінің жүргізушісі жолдан шығып кетіп, аударылған. Апат салдарынан жүргізуші мен бес жолаушы, оның ішінде екі бала оқиға орнында мерт болды»,-деп мәлім етті Қарағанды облысы ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Кұдияров.
Алдын ала деректерге қарағанда, апатқа көліктің артқы сол жақтағы доңғалағындағы ақау себеп болған.