Апат облыстың Шет ауданында Алматы-Екатеринбург тас жолының 816-шақырымында дүйсенбіде түс әлетінде болған. "Ниссан" автокөлігінің жүргізушісі "Мерседес" автокөлігімен соғысты. Апат салдарынан "Мерседес" автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы, соның ішінде бір жас шамасындағы бала мен 9 жасар қыз оқиға орнында мерт болса, "Ниссан" автокөлігінің жолаушысы жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті