Қарағанды облысында жол апатынан бес адам мерт болды

Мекеме ақпаратына сәйкес, жол апаты Қарағанды-Қарқаралы тас жолының 173-ші шақырымында болды. 21 сағат 30 минутта "ВАЗ-2107" көлігі "КамАЗ" жүк көлігімен соғысты.

Апат салдарынан "ВАЗ-2107" көлігінің жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті