Қарағанды облысында жол апатынан бес адам зардап шекті

Жол апаты Абай ауданында Ақтас-Дубовка автожолының 1-шақырымында болды. 26 жастағы "УАЗ-469" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші мен төрт жолаушы, соның ішінде 1 жас шамасындағы бала ауруханаға түсті.