Қарағанды облысында жол апатынан бір адам мерт болып, төртеуі жараланды



Мекеме ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Қарағандының Октябрь ауданында Майқұдық ықшам ауданында "ҚазМұнайГаз" Жанармай тарату бекетінің жанында болған. "Мицубиси" автокөлігінің жүргізушісі "ВАЗ-2121" автокөлігімен соғысты. Апат салдарынан "Мицубиси" жүргізушісі оқиға орнында жарақаттан жан тапсырып, "Жигули" жүргізушісі мен оның екі жолаушысы, сондай-ақ, "Мицубиси" көлігінде отырған бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.