Апат Алматы-Екатеринбург тас жолының 1482-шақырымында Абай ауданында 15-шілде күні 3 сағат 26 минутта болған. "Газель" автокөлігінің жүргізушісі "Фольксваген" автокөлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан "Фольксваген" жүргізушісі оқиға орнында мерт болып, төрт жолаушы ауруханаға жеткізілді. "Газель" жүргізушісі мен оның жолаушылары да ауруханаға жатқызылды.