Қарағанды облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екеуі ауруханаға түсті

Мекеме ақпаратына сәйкес, Жезқазғанда Аманжолов пен Холмицкий көшелерінің қиылысында 13-желтоқсанда 10 сағат 55 минутта "УАЗ-452" автокөлігінің жүргізушісі "Мерседес" автокөлігімен соғысты. Апат салдарынан "Мерседестің" жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, "УАЗ-452" автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы түрлі деңгейдегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті