Қарағанды облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төрт адам ауруханаға жатқызылды

Жол апаты салдарынан шағын автобус жанып кетті. "Газельдің" жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Оның аты-жөні қазір анықталып жатыр. Көлікте отырған төрт жолаушы ауруханаға жатқызылды. Өртті төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өртке қарсы күрес қызметі апаттан бір сағаттан кейін сөндірді.

Сондай-ақ, 21-қарашада Павлодар облысында Павлодар-Екібастұз тас жолының 66-шақырымында "ВАЗ-21083" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Жол апаты салдарынан "Жигулидің" бір жүргіншісі оқиға орнында опат болса, жүргізуші мен екінші жолаушы ауруханаға түсті.
Алматыда "Мерседес-280" автокөлігінің жүргізушісі екі жаяу жолаушыны қағып кетті. Олардың бірі 6 жасар бала. Ол оқиға орнында мерт болды.