Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
26 тамыз күні сағат 23:00 шамасында Гүлшат кентінен 23 шақырым жердегі Балқаш – Приозерск автожолында Приозерск бағытында Opel Vectra автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі қайта жаңартылып жатқан жабық жолға шығып кетіп (ескерту белгілері бар) HOWO автокөлігімен соқтығысқан. Оны 25 жастағы жігіт жүргізіп келе жатқан, - дейді Қарағанды облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Зарубаев.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен оның 30 жастағы әйелі, олардың үш кәмелетке толмаған баласы оқиға орнында көз жұмды, бір бала ауруханаға жеткізілді.
Сараптама тағайындалды.