Қарағанды облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, үшеуі жараланды



Мекеме ақпаратына сәйкес, апат Ұлытау ауданында Жезқазған-Сәтпаев тас жолының 7-шақырымында болған. 8-тамызда 20 сағат 59 минутта "Ниссан" және "Мицубиси" автокөліктері соқтығысып қалды.

Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен "Ниссан" автокөлігінде отырған бір жолаушы оқиға орнында мерт болды. Үш адам, соның ішінде алты жасар бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.