Қарағанды облысында жол апатынан төрт жасар бала қайтыс болды

Жол апаты сәрсенбі күні Қарағанды мен Жезқазған арасында болған. Жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып көлік жол жиегіне аударылған. Бұл туралы Жезқазған орталық ауруханасының қабылдау бөлімі мәлімдеді.

Апат болған жерде төрт жасар бала қайтыс болған. Бір жасар қыз бала мен оның 31 жастағы анасы мен жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Олар Кентау тұрғындары.