Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды

Министрлік ақпаратына сәйкес, жол апаты Алматы-Астана тас жолының 760-шақырымында болған. 12-қазанда 7 сағатта "Даймлер-Бенц" жеке меншік автобусы мен "Хонда" автокөлігі соғысты.

Апат салдарынан автокөлік жүргізушісі оқиға орнында мерт болып, екі жолаушысы ауруханада көз жұмды. Сонымен бірге автокөлікте отырған бір жолаушы мен автобустың екі жолаушысы ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті