Қарағанды облысында жол апатында бір адам қайтыс болып, төрт адам жарақат алды

Ростовка ауылы маңындағы тас жолда дүйсенбі күні жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысып қалған. Соққы салдарынан екі көлік жол жиегіне аударылған. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алдын ала мәліметке сәйкес, автобус жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

Оқиға болған жерде автобус жолаушысы қайтыс болды, тағы екі жолаушы мен жүргізуші ауруханаға түсті.


Жүк көлігінің жүргізушісіне дәрігерлік көмек көрсетілді.

Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды.