ТЖМ ақпараты бойынша, Қарағанды облысында Алматы - Екатеринбург жол трассасында 6 наурызда 10 сағат 05 минутта "Мерседес" автобусының жүргізушісі "ВАЗ-2121" көлігімен қақтығысты.
"Жол көлік апаты салдарынан "ВАЗ-2121" көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза болып, оның көлігінде отырған жолаушы ауруханаға жеткізілді", - деп түсіндірді министрліктегілер.