Қарағанды облысында жол көлік апаты салдарынан бір адам қаза болып, төрт адам ауруханаға жеткізілді

ТЖМ ақпараты бойынша Қарағанды облысының Шашубай кенті маңында Алматы Екатеринбург тас жолында 15 сәуірде 5 сағат 50 минутта "Хюндай" көлігі аударылып кетті. Көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза болып, көліктің ішінде отырған төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша көлік жүргізушісі мен төрт жолаушы Қырғызстан Республикасының азаматтары.