Caravan Logo

Қарағанды облысында жолдағы апаттан бес адам қаза тапты, тағы екеуі жараланды

Қарағанды облысында жолдағы апаттан бес адам қаза тапты, тағы екеуі жараланды

Қарағанды облысының Бұхар Жырау ауданында Алматы - Екатеринбург тас жолының 1074 шақырымында 11 қыркүйекте "Опель" және "ВАЗ" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан "ВАЗ" көлігінің 41 жастағы жүргізушісі мен оның көлігінде отырған 30, 38 және 67 жастағы әйелдер мен 15 жастағы бозбала оқиға орнында жан тапсырды; "Опель"көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.