Қарағанды облысында жолды су басты


«Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» тас жолында, 753-906 шақырымы, Атасу кентінен Топар кентіне дейінгі учаскеде 8 сәуір күні сағат 21.45-тен бастап көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жол еріген қар суының астында қалды, ені - 25-30 метр, тереңдігі шамамен 40 см шалшық пайда болды», - деді «Қазақавтожол» мекемесінде.
Кәсіпорын ақпаратынша, 9 сәуірде қозғалысқа қойылған шектеу жалғасады. Бұл жерде шалшықты жою және жол төсемін нығайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 
Жол тәулік бойы бақылануда.