Қайғылы оқиға 4-шілде, жексенбі күні болған. "Оралдомнаремонт" мердігерлік жөндеу ұйымының 50 жастағы жұмысшысы №4 домна пешін жөндеу барысында 39 метр биіктіктен құлап кеткен. Басынан ауыр жарақаттанып, бірнеше қабырғасы сынған жұмысшы ауруханаға жеткізілген. Алайда, зардап шегуші операцияға дайындық жұмыстары барысында жарақат салдарынан қайтыс болды.
Қарағанды облысында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жүрген 50 жастағы жұмысшы мерт болды
