Ақпаратқа сәйкес, 24 шілде күні 7 сағат 50 минутта Бұхар-Жырау ауданы Мырза стансасында 452-ші жүк поезін жөнелту кезінде төрт жүк вагоны рельстен шығып кеткен, оның үшеуіне ұн, бір вагонға жартылай темір жол жөндеуге арналған жабдықтар тиелген.
Баспасөз-қызметі "құрбан болғандар мен жапа шеккендер жоқ, темір жол қозғалысы тоқтатылмады", - деп атап көрсетті.
Осы күні кешкісін вагондар релське қайта тұрғызылды. Апаттың салдарын жоюға Қарағанды-Сортировочная темір жол стансасының қайта қалпына келтіру поезі жұмылдырылды, дейді баспасөз-қызметінің өкілдері.